Серікбол Қайратұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстары туралы баяндады

0 9

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлы жастар арасында парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстары туралы баяндады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикер «Сыбайлас жемқорлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, жастардың сана-сезімі мен дұрыс бағытта тәрбие және білім алуын тежейді», деген пікірде.

Жалпы жыл басынан бері жастар арасында парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған.Атап айтқанда, парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытында жастар көшбасшыларының қатарынан «Спикерлер пулы» қалыптастырылған.Спикерлер жоспарға сәйкес парасаттылық мәдениетті қалыптастыру бағытында апта сайын жастармен кездесулер өткізіп отырады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында тақырыптық бағытта облыс жастары арасында кездесу, дөңгелек үстел форматында – 60 шара ұйымдастырылғанын, және «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде тоқсан сайын бейне-дәрістер түсіріліп, әлеуметтік желілерде таратылып, жастар арасында кеңінен насихатталып жатқандығын баяндады.

Басқарманың мақсаты — жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда заманауи құралдар мен тәсілдерді қолдану арқылы жастардың назарын қоғамның өзекті мәселесі — сыбайлас жемқорлыққа аудару басты назарда.Осы бағытта TedX форматта кездесулер ұйымдастыру жастардың өзара сұрақ қойып, пікір алмасуына және шараның маңыздылығын аша түсуіне ықпалы зор деген пікірде.
Жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 500 жуық ақпараттық жадынамалар әзірленіп, жастар көп шоғырланған қоғамдық орындарда және іс-шараларда таратылған.

Басқарманың басты назары ретінде — жастар арасында парасаттылық мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бағытында іс-шаралар өткізілетіндігін және оған жастардың, студенттер мен оқушылардың және қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы басты назарда болатынын жеткізіп, баяндамасын қорытындылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.