Жуалыда ерлер арасында волейбол ойынынан ашық турнир өтті

0 13

Жуалыдағы №14 Балалар-жасөспірімдер спорт кешенінде ерлер арасында волейбол ойынынан ашық турнир өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ашық турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және спорт ардагері Байгелді Байсейітовты еске алуға арналды.
Жарыс бір минут үнсіздікпен басталып, спортшылар Тәуелсіздік құрбандары мен Байгелді Байсейітовты бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков сөз сөйлеп, марқұм жайлы естелік сөз айтты.

Сондай-ақ, осындай уақытта саламатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Боралдай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсатбек Байболов, Байгелді ағамыздың үлкен ағасы Амангелді Апбасұлы спортшылар қауымына игі тілегін жолдады. Спорттық бәсекеге 8 команда қатысты.

Олар «Шақпақ», «Нұрлыкент», «Көлтоған», «№15 мектеп-лицей», «Шақпақ-2», «Рысбек батыр», 91678 әскери бөлімі және «Тараз» волейбол командалары. Тартысты бәсекеде барлық құрама команданың ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша, І орынды «Тараз», ІІ орынды «Нұрлыкент» және ІІІ орынды «Шақпақ-2» құрама командаларының спортшылары иеленді. Жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен және демеушілер тарапынан қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Ойында белсенділік көрсеткен «Нұрлыкент» командасының ойыншысы Елнұр Мұсылхан «Үздік шабуылшы» және «Көлтоған» командасының ойыншысы Арман Әсет «Үздік жас ойыншы» атанса, «Үздік қорғаушы» номинациясымен «Тараз» волейбол командасының ойыншысы Ерболат Аманқұлов марапатталды. Барлық үздіктерге қаржылай сыйлықтар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.