Мойынқұм ауданында «Асарлатып үй салу» жобасымен 5 баспана пайдалануға берілді

0 2

«Асарлатып үй салу» жобасымен осыған дейін 5 баспана пайдалануға берілді
Мойынқұм ауданында есепті мерзім аралағында 4 баспана жаңадан салынып, 1 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп мұқтаж отбасыларына берілген,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ауданда «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 9 отбасына баспана көмегін көрсету жоспарланған. Оның ішінде 6 жаңа құрылыс жұмыстары, 3 күрделі жөндеу.
Бүгінгі таңда 4 жаңа құрылыс және 1 тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Одан өзге 1 жаңа құрылыс және 2 тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталып, тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады.

1 жаңа тұрғын үй құрылысы келесі жылға өтпелі болып қалдырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.