Заң консультанттары барлық мұқтаж, зардап шеккен, сондай-ақ тұрмысы төмен азаматтарға құқықтық көмекті онлайн және офлайн форматта көрсетті. Мыңға жуық адам қиын жағдайда көмек алып, өз сұрақтарына жауаптар алды. Бұл туралы бүгін республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының орынбасары Бақтыгүл Атағазиева мәлімдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Мысалы, жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес субъектілері кең ауқымды мәселелер бойынша кеңес алды — бұл ұрлық, мүлікті бүлдіру, Алматы қаласы мен елдің жекелеген өңірлеріндегі тәртіпсіздіктерден келтірілген залалды өндіріп алу, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру, жұмыс берушінің заңсыз әрекеттері және т.б.. Зардап шеккен ШОБ субъектілері үшін ұсынымдар, нұсқаулықтар, сондай-ақ ТЖ кезеңіндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Жалпы, қаңтар айында 2600 астам адамға тегін заң көмегі көрсетілді, оның ішінде 5500 жуығы Алматы қаласы бойынша», — деді алқа өкілі.
Республикалық заң консультанттары алқасының өткен жылдың шілде айында құрылғанына қарамастан, мұқтаж азаматтарға тегін заң көмегін көрсету әсіресе заң консультанттары — алқа мүшелері палаталарының қызметінде басым болып табылады. 2021 жылдың екінші жартыжылдығында 27 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетілді.