Мойынқұм ауданы көлемінде қаңтар айында КВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына тоқталсақ, жұқтырған 18 жағдай тіркелді.
Оның 14 симптомды, 4 симптомсыз. Вирус сәйкестендірілмеген пневмонияның 9 жағдайы тіркелді.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» №7 қаулысы шықты.
Бұл қаулының талабы бойынша барлық объектілер «Ашық» жобасына ену керек және сол жобамен жұмыс істеу керек. Сол кезде ешкандай шектеусіз жұмыс істей алады. Осыған орай Жамбыл облысы бас мемлекеттік дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтарда «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы №3 қаулысы қабылданды. Қаулыда облыс көлеміндегі объектілердің Ашық жобасымен жұмыс істеу керектігі айтылған.
Халық арасында коронавирустық инфекция ауруының таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды сақтауды сұраймыз.
Жалпы жұқпалы індеттен, оның ішінде короновирустық инфекциядан қорғанудың бірден-бір жолы екпе алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Екпе алуға саналы түрде барып, екпе алу! Соған асығайық!
Қәзіргі жағдайда аудандағы пФайзер вакцинациясының және ревакцинацияның жүру қарқыны қарқынды деп айтуға келмейді. Баяу жүріп жатыр. Мысалы 1 турды 3236 адам алу керек болса, оның 1869-ы алып 57,8 пайыз құрап отыр. 2 турын 440 адам алып, бар болғаны 13,6 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы 2665 жасөспірімнің 1642-сы алған, бұл 61,6 пайыз. 179 жүкті әйелдің 51-і, 28,5 пайыз, 392 бала емізетін аналардың 176- сы алып, 44,9 пайызды құрап отыр.
2 жыл бойы әлемді дүрліктірген короновирусты тек біз екпе арқылы жеңеміз!
Бұл індет әрбір адам өз міндетіне жауапкершілікпен қарағанда ғана ауыздықталады, бізге жүктеліп отырған міндеттер де аса қиын емес, егер бетпердемен жүрсек, әлеуметтік ара қашықтықты сақтасақ, ауру белгілері байқалғанда өзімізді өзіміз оқшаулап, дәрігер кеңесін тыңдасақ болғаны. Сондай-ақ үй карантиніндегі симптомсыз науқастар мен қарым-қатынастағы тұлғалар өздеріне жүктелген ұсыныстарды толығымен орындауға міндетті.
Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азамат індетті бірге жеңуге ат салысу керек!
Аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
А.Елеуова.