Тараздық азамат 125 мың теңгеге жүргізуші куәлігінің суретін сатып алған

0 5

27 жастағы Тараз қаласының тұрғыны жүргізуші куәлігін қалпына келтіру үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына келген. Ол телефонынан құжаттың суретін көрсетіп, оны жоғалтып алғанын айтқан. ІІМ-нің ақпараттық ресурстарынан тексерген кезде бұл азаматтың ешқашан жүргізуші куәлігін алмағаны белгілі болды. Азамат белгісіз әйелдің оған теориялық және практикалық емтихандарды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде еткенін мойындады.

Олар мессенджер арқылы сөйлескен. Бұл қызметі үшін ол бейтаныс әйелге 125 000 теңге төлеген. Соңында әйел жігітке жүргізуші куәлігінің фотосын ғана жіберген. Ал құжаттың түпнұсқасын алу үшін тағы да 80 мың теңге талап етіпті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.