ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінде сенбілік өтті

0 37

Өткен демалыс күндері ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінде сенбілік өтті — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

 

Ұжым қызметкерлері ғимараттың айналасын күл-қоқыстан тазартып, тал-дарақтарды әктеп, ауладағы қоршауларды сырлады. Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың  айлығынан бөлек, сенбілік шарасы бұл мекемеде тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Түзеу мекемесіның бастығы Ерлан Тоқановтың  бастамасымен дәстүрлі түрде айына кемінде екі мәрте өткізілетін  санитарлық жұмыстарға қызметкерлер бір кісідей атсалысты.

Таза аумақтың тынысы кең. Сенбілік жұмыстарынан соң ғимараттың айналасы мұнтаздай тазарып, сынған бұталар мен шіріген жапырақтардан аршылған көгалдар жайқалып шыға келді. «Әркім осылай өз аумағын күтіп-баптап, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп тұрса, әсем қаламыздың шырайы арта түсері сөзсіз», дейді мұндағылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.