Қысқы олимпиада 2026

0 18

Қысқы олимпиада ойындары — әлемдегі ең ауқымды халықаралық жарыстардың бірі. Бұл ойындар 1924 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда ол бейбітшілік пен әділ бәсекенің символына айналып отыр. Ол әр төрт жылда бір рет өтіп, әлемнің әр еліндегі үздік спортшыларды біріктіреді.

Жарыс қысқы спорт түрлерін насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Спортшылар кішкентай балаларға шыдамдылық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп келеді.

Сонымен қатар Олимпиада өтіп жатқан елдің экономикасы мен туризмін көтереді. 2026 жылы қысқы ойындар 6-22 ақпан аралығында Италия елінде өтті. Анығырақ айтсақ Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалырында. Кортина-д’Ампеццо – қысқы туризммен танымал тау қаласы.

Олимпиадаға шамамен 90 елден 2900 спортшы қатысады. Жарыс 15 түрлі жерде болады, олардың арасында Милан қаласындағы Сан-Сиро стадионы бар. Қысқы олимпиадада спортшылар 16 спорт түрінен бақ сынайды, оның ішінде шаңғы тебу, шорт-трек, биотлон, хоккей, керлинг және т.б. бар. Қысқы ойындардың нәтижесі бойынша бірінші орында, 18 алтын, 12 күміс және 11 қола медальымен Норвегия мемлекеті орналасқан. Одан кейін 12 алтын, 12 күміс және 9 қола медальымен АҚШ және үшінші орында 10 алтын, 7 күміс және 3 қоламен Нидерланд мемлекеті орналасқан.

Қазақстанға келетін болсақ, биылғы Олимпиада елді ерекше қуантты. Оның ең басты себебі — мәнерлеп сырғанаудаң Михаил Шайдоровтың алтын жүлдесі. Ол өз программасы үшін 291,58 балл жинап, Жапонияның екі спортшысынан асып түсті.

Бұл жеңіс Қазақстан спорты тарихындағы маңызды белес болды. Жанкүйерлер көз жасын тыя алмады. Кейбірі Михаил Шайдоровты Денис Теннің жалғасы деп те айта бастады.

Тағы бір есте қалар оқиға — Абзал Ажгалиевтің мәреге жетуі. Ол 500 метрдегі жарыстың соңында қарсыластарды өтіп, Пьетро Сигельді артта қалдырды.

Қысқы Олимпиада – тек медаль үшін күрес емес, ол – ел намысы, бірлік пен достық мерекесі. 2026 жылғы ойындар спорттың адамды шыңдайтын күш екенін тағы бір дәлелдеді. Қазақстан спортшылары алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, көк туымызды әлемдік ареналарда желбірете беретініне сеніміміз мол. Олимпиада – тек спорт мерекесі емес, ол халықтарды жақындастыратын үлкен күш.

Булатова Інжу

Leave A Reply

Your email address will not be published.