Шаруалардың техникасы жаңартылып, дизель отыны жеткізілуде

0 8

Бірқатар өңірлердегі жауын-шашынның аздығы егіннің шығымын мандытпай, жемшөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Осындай қолайсыздықтың алдын алу үшін Президент өз Жолдауында шаруалардың қажетті жанар-жағар майды қолайлы бағамен, өз уақытында алуын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан еді. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын қайта тексеруді де тапсырған. Бүгінде Жамбыл облысында 12 316 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Оның ішінде 4 585 трактор, 934 комбайн және 6797 дана басқа да қажетті техникалар бар.

Биыл бұл техникалардың жаңаруын 11%-ға жеткізу көзделуде. Сәуір айының қорытындысы бойынша, техника жаңарту көрсеткіші облыс бойынша 2,2% құрады. 275 дана жаңа техника алынған. Оның 4-і комбайн, 64-і трактор, 207 дана өзге техника. Көктемгі дала жұмысына 7 317 ауыл шаруашылығы техникасы пайдаланылып жатыр. Дала жұмыстарына ақпан-мамыр аралығында 10 920 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Облыс бойынша 15 таратушы оператор белгіленген. Қажетті жанар-жағармай шаруаларға 194-208 теңгеден беріліп жатыр.
Ақпан-сәуір айына бөлінген 8 320 тн. кепілдендірілген дизель отынының 94% жеткізіліп, 4 490 тоннасы шаруашылықтарға таратылды. Мамыр айына бөлінген 2 600 тонна дизель отынына операторлар тарапынан қаржы көлемі аударылған, қазір облысқа жеткізіліп, шаруаларға тарату жұмыстары жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.