Жамбылда Ұлттық Бірыңғай тестілеуден 140 тан 140 балл жинаған ару бар. Қарапайым ауыл қызы бүгінде ел назарын өзіне аудартты. Ол шет елге жолдама алып, емтиханнан рекордтық көрсеткішке қол жеткізген Назерке Сәрсенбай.
Тұрар Рысқұлов ауданынан шыққан қарапайым ауыл қызының жетістігі бүгінде әлеуметтік желінің басты тақырыптарының біріне айналды. Назерке Сәрсенбай халықаралық IELTS және SAT емтихандарын да тапсырған талапкер. Ол IELTS-қа курспен дайындалып, кейін SAT және ҰБТ емтихандарына дайындықты өз бетінше жалғастырған. ҰБТ-да ол Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндерін таңдаған. Бұл пәндер бойынша шамамен төрт ай арнайы курсқа қатысып дайындалыпты.
-Бастапқыда жоғары балл алғанымды онша сезінбедім. Кейіннен бауырларым, туыстарым құттықтап, қуанып жатқанда менде ерекше сезім болды. Әсіресе грантқа түсетінімді, таңдаған мамандығымның иесі болатындығымды ойлағанда ата анамның үмітін ақтағанымды түсіндім,-дейді Назерке.
Бүгінде Назеркенің жетістігіне тек отбасы ғана емес, тұтас аудан мақтанып отыр. Өзінің дайындалған білім орталығы оған шетелге жолдама сыйлаған. Қай елге баратыны әзірге ақылдасу үстінде. Сонымен қатар ата-анасына Астанадан арнайы келіп, 1 миллион теңге ақшалай сыйлық табысталған. Айта кетейік, Жамбыл облысында ҰБТ тапсыру уақыты бір жұма бұрын басталды.
Биыл тестілеу жүйесінде өзгеріс жоқ. Тапсыру уақыты 4 сағатты құрайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 67 балаға қосымша 40 минут уақыт қарастырылған. Сонымен қатар талапкерлерге тест кезінде калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді. Алайда келесі жылдан бастап талапкерлер ҰБТ ны бір-ақ рет тапсырады. Сондай-ақ, педогогикалық мамандықтарға түсу үшін ауызша емтихан енгізу жоспарланып отыр дейді мамандар.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.