КЕМЕЛ ОЙ, КЕСТЕЛІ СӨЗДІҢ ИЕСІ — ӘКІМ ЫСҚАҚ САРЫСУДА

0 50

Бүгін Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, жазушы, сазгер Әкім Ысқақтың шығармашылығына арқау болған «Қаламы ақсұңқардың қияғындай» атты республикалық ғылыми конференциясы өтуде.

Конференцияға танымал жазушы, халықаралық «Дарабоз» сыйлығының иегері Пернебай Дүйсенбин, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова, облыстық «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырзағали, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері, журналист Ерман Әбдиев, айтыскер ақын Алик Бекмұсаев, «Qazaqstan» РТРК Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейіржан Әлібекұлы сынды тағы басқа бірқатар азаматтар қатысуда.

Ғылыми кеңес пен керемет кештің ашылу салтанатында алғашқылардың бірі болып сөз алған аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қоғам және мәдениет қайраткеріне құрмет көрсетіп, иығына зерделі шапан жапты.

Айта кетейік, конференция барысында Әкім Ысқақтық шығармашылығы мен саналы ғұмырына арқау болған Көпен Әмірбектің «Алтын сандық» атты жаңа жинағының тұсаукесері өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.