Жамбыл ауданында тұрғындар 5 компонентті ектіруде

0 19

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. Әрбір азамат үшін отбасының амандығынан басқа бақыт жоқ. Ал қазіргідей коронавирус індеті әлемхалықтарын әбігерге салған уақытта сақтық шараларын қатаң сақтауымыз керек. Адамды да, ұлтты да талғамайтын дертпен дүниежүзі күресуде. Дендеген ауруды ауыздықтаудың жалғыз жолы – вакцина. Екпе ектіру арқылы біз қоғамдық имунитет қалыптастырып, індетке тойтарыс бере аламыз. Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар екпінді жүргізілуде.

Бұл туралы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтен сұрап-білген едік.

– «Сақтансаң – сақтайды» деген мақал бар. Ауру айтып келмейді. Індетке тойтарыс беріп, уақытылы ем-дом қабылдауымыз қажет. Екпе ектіру жұмыстарына тоқталып өтер болсам, өңірге жеткізілген 25182 «Pfizer» вакцинасын 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 8883-і бірінші компонентін, 8807-сі екінші компонентін ектіртті. Аталған екпенің бірінші компонентін 524 екінші компонентін 428 жүкті әйел қабылдаса, 1362 емізулі ана бірінші компонентті, 1280 екінші компонентті салдыртты. Жасы 60 асқан және жасөспірімдердің жалпы ревакцинациядан өткені 2510 жетті. «Pfizer» вакцинасы тек жүкті аналарға әсер етіп қана қоймай, іштегі шағалақтың имунитетіне оң әсерін тигізеді. Егде жастағы азаматтар ревакцинациялаудан жеңіл өтуі үшін осы екпе ұсынылуда. Бастысы – сақтық шараларын қатаң сақтау қажет. Бүгінде ревакцинацияның 4-нші компонентін 1051, 5 компонентін 282 азамат ектірді. Сондай-ақ аудан бойынша коронавирус індетін ауыздықтау мақсатында «Pfizer» вакцинасын бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда. Бүгінде 31871 азамат ревакцинация өтті, – дейді бас дәрігердің орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.