Боранды станциясы желілік полиция бөлімшесінде ағымдағы жылдың тамыз айының 8-12 күндері аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Акцияның негізгі мақсаты – Боранды ст. ЖПб қызметкерлерімен темір жол бойына жақын орналасқан елді мекен тұрғындары мен жолаушы азаматтарға, көлік объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың, жедел тежегіш қолдану деректерінің, қоғамдық орындарда, оның ішінде жолаушылар поездарында орын болатын қылмыстардың алдын алу мен жолаушылардың жеке және мүліктік қауіпсіздігінің сақталуы бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Айта кетейік, темір жол бойында болатын жазатайым оқиғалардың басым бөлігі, азаматтардың темір жол бойының белгіленбеген жері арқылы пойыздардың алдынан кесіп өту салдарынан туындайды.