Жамбылда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы кең көлемде аталып өтеді

0 26

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 110 жыл толды. Осыған орай 13 тамыз күні Тараз қаласында салтанатты шаралар өтетін болады.

Сағат 10:00 де қайраткер атындағы көше бойындағы скверде Д.Қонаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылады. Бұл рәсімнен кейін А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында салтанатты жиын өтпек. Қоғам қайраткерінің елге сіңірген ерен еңбегі еске алынатын жиыннан соң ас беріліп, әруақтарға Құран бағышталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.