Т.Рысқұлов ауданында «Құлан жүгіру – 2022» марафоны өтті

0 25

Т.Рысқұлов ауданында спорт күніне орай жүгіруден марафон өтті.​ Жарыс Каменка ауылында «Құлан жүгіру — 2022» атты 12 км қашықта жүгіру жарысы өтті,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Марафонға жалпы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 32 спортшы қатысты.

Олардың ішінде Қазақстан Республикасының атақты марафоншылары — Қарағанды қаласынан келген 3 дүркін Параолимпиадаға қатысқан марафоншы, бірнеше дүркін Қазақстан, Ресей жарыстарының чемпионы Сейітов Зейнолла,
Нұр-Сұлтан қаласынан келген спорт шебері, марафоншы, бірнеше дүркін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекетінде өткен жарыстардың чемпионы Алимгазинов Меңдібай, 24 сағат жүгіру марафонынан Қазақстан чемпионы, 215 шақырым жүгірген желаяқ Байзақов Талапкер, Қызылорда қаласынан келген ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, 42 км 195 метр марафонына қатысқан қатысушы, ҚР Рәміздеріне 30 жылдық мерекелік күніне арналған жүгіру жарысында 360 шақырымды бағындырған спортшы Жансейітов Тасболат, Түркістан облысынан келген 5 және 10 км шақырымға жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионы Смайлов Серік және Алматы қаласынан келген
«Құлан жүгіру – 2022» жарысының ең жас чемпионы Нұргелді Аман болды.

5 жас категориясы бойынша өткен марафонның қорытындысы төмендегідей болды:
18-29 жас:
1. Степаненко Д. І орын (Тараз)
2. Нұркелді Аман ІІ орын (Алматы)
3. Медербек Жарас ІІІ орын (Қордай)
30-39 жас:
1.Исмаилов С. І орын (Шымкент)
2.Калюжный А. ІІ орын (Тараз)
3.Култаев Ғ. ІІІ орын (Құлан)
40-49 жас:
1. Кулчиков Қ. І орын (Құлан)
50-59 жас:
1.Амангазинов М. І орын (Қостанай)
2.Жансеитов Т. ІІ орын (Қызылорда)
3.Асилов С. ІІІ орын (Тараз)
60 + жас:
1.Сеитов Зейнулла І орын (Қарағанда)
2.Байзақ Т. І орын (Астана)
3. Шкедов Е. ІІІ орын (Тараз)

Leave A Reply

Your email address will not be published.