Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев Семей полигонындағы ядролық сынаққа қатысқан аудан азаматтарымен арнайы кездесіп, құрмет көрсетті.
Кездесу сонау жылдардағы жарылыс кезінде көз жұмған жандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Сондай-ақ Сәкен Қаланұлы ардагерлерге “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін және Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Жиын соңында аудан басшысы ардагерлерді толғандырған түйткілді мәселелерді тыңдап, олардың оңды шешілуіне ықпал ететінін жеткізді.