«ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген тақырыптық талдаудың қорытындылары қаралды. Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіні Превенция басқармасының басшысы Даурен Омаровтың баяндамасы тыңдалды.
Жүргізілген талдау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық көрсету, жер телімдерін заңсыз беру, алдын ала тиімсіз инвестициялық жобаларды қаржыландыру, микроқаржы ұйымдарының қаражатын бөлінуіне бақылаудың жоқтығымен байланысты елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, бұл көптеген бұзушылықтар, сондай-ақ, тұрақтандыру қорының қызметін ұйымдастырудағы жүйелі проблемалар және т.б анықталды.
«Тараз» ӘКК ұйымның құрылтайшы, несие беруші ретінде «Тараз МҚҰ» ЖШС қызметіндегі көптеген қаржылық бұзушылықтар фактілері бойынша тиісті тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша шаралар қолданбағаны аталып өтті.
МҚҰ «Тараз» ЖШС ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне КМҰ немесе КМК кепілдігімен айналым қаражатына несие берген. Яғни, аудан әкімдіктері өз қаулылары (шешімдері) негізінде аудан әкімдіктерінің теңгерімдегі әкімшілік ғимараттарды кепілге алған. Осылайша, заңнамадағы орын алған олқылықтарды ескере отырып, аудандық деңгейдегі басшылар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, мемлекеттік мүлікті кепілге қоюға мүмкіндік алған. Аталған фактілер келешекте ауыр теріс салдарларға әкелуі мүмкін», — деп атап өтті Дәурен Омаров.
Сондай-ақ, облыстық бюджеттен Жамбыл облыстық оңалту орталығына жабдықтар сатып алуға және кросс-док ғимаратын салуға 135 млн. теңге бөлінген, ол бірлескен кәсіпорынның «Тараз» ӘКК және «ООО-Жамбыл» ЖШС жарғылық капиталына салым ретінде аударылғаны анықталды.
«Қазіргі уақытқа дейін «ООО-Жамбыл» ЖШС халықты қолжетімді бағадағы жеміс-жидек пен көкөніспен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізбей келді. Құны 5 млн теңгеден асатын құрал-жабдықтарды алмау, сондай-ақ бөлінген 135 млн теңгенің кросс-док құрылысында 64 млн теңгені толық пайдаланбау фактілері анықталды. Жоғарыда аталған факті бойынша материал Жамбыл облысы бойынша АЕЖ-де тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша ЭТД-не жолданды»,- деп қорытындылады Жамбыл облысының Антикор өкілі.
Талдау нәтижелері бойынша Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы 15 ұсыныс енгізілгенін аталып өтті.