30-тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде арнайы контингенттер арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар өтуде.
Мұндағы мақсат –жазасын өтеуші азаматтардың патриоттық сезімін нығайту, спорттық іс-шараларға қатыстыра отырып, олардың түзеліп шығуына ықпал жасау болып табылады. Сотталғандар футбол, шахмат, дойбы және қол күресі бойынша өзара жарысқа түсті. Спорттық сайыс үш күнге созылады. Жарыс қорытындысы бойынша іс-шараға белсене қатысып, жеңімпаз болған сотталғандар марапатқа ие болмақ.