Ел астанасында Жамбыл облысы тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Екі күнге жоспарланған (3-4 қыркүйек күндері) шарада түрлі өнімдер нарықтағы бағадан 10 — 20 % пайызға төмен өткерілуде. Жәрмеңкеде Мойынқұм ауданының өнімдері де елордалықтарға ұсынылуда.
Мұнда барлығы 90 шаруа қожалығымен кәсіпорын 423,2 млн. теңгенің 495,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімі әкелінген.
Атап айтқанда, азық — түлік өнімдерінің алуан түрі ұсынылуда десек, олардың қатарында:
62 тонна жылқы сиыр және қой еті, 38 тонна сүт өнімдері, 6 000 жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік,
13 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна бал, 5,5 тонна мақсары майы және 336,1 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 10 тонна қант және тағы басқалар.
Жәрмеңкеге келушілер де төмен бағалар мен сапалы өнімдер үшін ризашылықтарын жеткізуде.