Өрт қауіпсіздігі туралы кездесулер ұйымдастырылды

0 14

Білім күні Тараз қаласының барлық білім беру мекемелерінде Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат бағытындағы кездесулер өткізді.
Жалпы балаға төтенше жағдайдың алдын алуға, қауіптілік дәрежесін бағалауға және қажетті уақытта тиісті әрекеттерді орындауға үйрет уересектердің міндеті болып табылады. ТЖ қызметкерлері үшін өрттің алдын алу мәселесі өскелең ұрпақты өрт қауіпсіздігі негіздеріне оқытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Білім беру мекемелерінде «Білім күніне» арналған мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде ТЖ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі туралы атап өтті. Олар оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібін түсіндіріп берді. Сондай-ақ балаларға төтенше жағдайлар туындаған кезде қоңырау шалынуы ұажетті шұғыл қызметтердің телефондарын тағы бір еске салып өтті.
Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын! Сздердің балаларыңыздың қауіпсіздігі ең алдымен сіздерге байланысты!
Өрт немесе жану туындаған жағдайда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың «101» немесе «112» бірыңғай нөмірі бойынша шұғыл хабарлау қажеттігін еске саламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.