Жастар ресурстық орталығы волонтерлері «Sanaly Urpaq» жобасының бірінші бөлімін жүзеге асырды

0 11

«Birgemiz:Taza Alem» экология мен қоршаған орта саласындағы волонтерлік қызметті дамыту бағыты бойынша облыстық Жастар ресурстық орталығы волонтерлері «Sanaly Urpaq» жобасының бірінші бөлімін жүзеге асырды.

Жоба аясында волонтерлер «АЮ» балабақшасының балақайларымен кездесті. Балақайларға қоқыс туралы, қоқысты сұрыптау туралы презентация түсіндіріліп, «Лабиринт» ойыны ойнатылды. Бірінші бөлім қорытындысы ретінде балақайлар экологиялық мәдениет тақырыбы бойынша суреттер бояп, бір сергіп алды.

Жалпы жоба маңызы балаларға қоқысты сұрыптау мен таза қоршаған ортаның алғышарттарын түсіндіру болып табылады.

Шағын грант «Birgemiz:Taza Alem» жалпыұлттық жобасы шеңберінде, республикалық деңгейде «азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ @cisc_official мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.