Оқу-жаттығу өтті

0 36

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты №58 мекемесінде Жамбыл облыстық полиция департаментінің арнайы даярлық және жұмылдыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Қуат Қабылбековтың нұсқауымен тактикалық оқу –жаттығу сабақтары өтті.

Мұндағы мақсат – мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, олардың кез-келген жағдайға даярлығын пысықтау. Оқу-жаттығуға жеке құрамның барлығы дерлік қатысты. Беті аулақ, төтенше  жағдай бола қалған жағдайда кәсіби түрде әрекет ету үшін тәртіп сақшыларының  осындай оқу-жаттығуларда әбден машықтанғаны керек-ақ, дейді жауаптылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.