Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Мәңгілік мұраның рухани жанашыры» атты аудандық көркемсөз байқауы өтті

0 33
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, ұлт руханиятының абызы атанған Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай оқырмандар арасында «Мәңгілік мұраның рухани жанашыры» атты аудандық көркемсөз байқауы өтті. Байқауға барлығы 21 үміткер қатысып, бақ сынады.
Байқау 1 кезеңнен «Қазақ сөз өнерінің наркескені – Шерхан Мұртаза» көркемсөз оқу кезеңі. Шерхан Мұртазаның шығармашылығынан үш үзіндіні мәнерлеп оқу: 1 — Романнан үзінді, 2 — Повестері мен әңгімелерінен үзінді, 3 — Пьесасынан үзінді. Байқауда қазылар алқасы бағалау кезінде үміткердің шығармаларын мәнерлеп оқу шеберлігіне, дикциясына, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, кітап таңдау талғамына назар аударды.
Бас жүлдені Ертай ауылдық кітапханасының оқырманы Өскенбай Тоғжан Абайқызы, бірінші орынды Көлтоған ауылдық кітапханасының оқырманы Жолтан Маржан Асқарқызы, екінші орынды аудандық орталық кітапхананың оқырманы Алланазар Ақерке Мұсақызы, Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Қадірәлі Дариға Бекқалиқызы, үшінші орынды Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Валиева Балнұр Сырлыбайқызы, Талапты ауылдық кітапханасының оқырманы Қуаныш Қарақат Елтайқызы иеленді. Жеңімпаздарды Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С.Біланқызы бағалы сыйлықтармен марапаттады. Басқа қатысқан үміткерлерге Алғыс хат және сыйлықтар тапсырылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.