Жамбыл облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалы баспасөз турын ұйымдастырды

0 24

Бүгінгі таңда бизнесті мемлекеттік қолдау оның маңызды рөлі мен кәсіпкерлік секторды қуатты ынталандыру туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұған Жамбыл облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалы ұйымдастырған баспасөз туры аясында өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көз жеткізді.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және Басым жобаларға кредит беру тетігі («Қарапайым заттар экономикасы») бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Жамбыл облысының кәсіпорындарына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру түрінде қолдау көрсетті.

«Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» құралы іске асырылған сәттен бастап Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің жалпы несие сомасы 255,9 млрд. теңгені құрайтын 4 700-ден астам жоба қолдау алды, оның ішінде 3 200-ден астам жобаға «Даму» қорының кепілдігі берілді, онда несиенің жалпы сомасы 56,6 млрд. теңгені құрады.

2022 жылдың 10 айында: жалпы несие сомасы 26,9 млрд теңгені құрайтын 1 203 жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау алды, оның ішінде:

  • 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 17,3 млрд. теңге сомасына 1 198 жоба қолдау алды;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде 9,5 млрд. теңге сомасына 5 жоба (01.11.2022 ж. жағдай бойынша деректер).

 

Сондай-ақ, ағымдағы жылы (01.11.2022 ж.жағдай бойынша) «Кепілдендіру» құралы бойынша облыс кәсіпкерлерінің жалпы несие сомасы 14,6 млрд. теңгеге 1 389 жоба қолдау алды, онда кепілдік сомасы 9,2 млрд. теңгені құрады.

 

2022 жылы 17 қарашада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ң Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған өңірлік кәсіпорындар бойынша баспасөз турын өткізеді. Журналистерге екі кәсіпорынға бару мүмкіндігі берілді, онда кәсіпорын басшылары өз жобалары және қандай мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланғаны туралы айтып берді.

Бизнесті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік секторды дамытудың маңызды шарты болып табылады. Бүгінгі таңда «Даму» қоры үш негізгі қолдау құралын ұсынады. Бұл — жеңілдікті кредиттеу, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы болып табылады. «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелер мен микрокредиттік ұйымдарды жеңілдікпен қаржыландыру.

 

 

  1. «Достық и К» ЖШС. Бұл компания нарықта 2004 жылдан бері жұмыс істейді және тұтынушыға сыйымдылығы 1, 2 және 3 литрге дейінгі шыны банкаларды шығарудың тамаша өндірушісі ретінде белгілі.

2020 жылы «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «субсидиялау және кепілдік беру» құралы арқылы процесті автоматтандыру үшін жабдықтар, сондай-ақ өзге де шығыс материалдарын сатып алу бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы қаржыландырылды. Несие сомасы 314 млн. теңгені құрады, ал компания үшін несиенің мөлшерлемесі 6% айналды, кепілдік сомасы 132,7 млн. теңгені құрады.

  1. «Ерсад-2021» ЖШС. Бұл компания нарықта 2021 жылдан бастап жұмыс істейді.

Компания «Спанбонд» типті тоқыма емес бұйымдарын өндірумен айналысады. Спанбонд — бұл өте жеңіл, экологиялық таза, ұзаққа созылатын, ең жұқа полипропилен жіптерінен тығыздығы 60-тан 550 гр./кв.м. дейінгі жылу өткізбейтін мата, әдетте 100% полипропилен. Спанбонд қымбат материалдарды ауыстыру ретінде қолданылады. Материалдың негізгі қасиеттері — арзан, бойлық және көлденең бағытта жоғары беріктік, кесудің қарапайымдылығы, беріктігі, тұрақтылығы, ыстыққа төзімділігі, изотроптылығы (біртектілігі) және тыныс алу.

Компанияны бастапқыда «Даму» қоры 2021 жылы қолдаған болатын.

Мәселен, 2021 жылғы 10 тамызда «Даму» қоры «Сбербанк» АҚ ЕБ-да (қазіргі «Bereke Bank» АҚ ЕБ) мақұлданған кредит бойынша Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды мақұлдады. Несие сомасы 865 млн. теңгені құрады, сыйақы мөлшерлемесі — 15%, «Даму» қоры тарапына субсидиялау мөлшерлемесі — 9%, ал қалған 6% компания төлейді.

Бұдан әрі 2022 жылғы тамызда өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау бағдарламасы (Даму-Өндіріс) шеңберінде компания айналым қаражатын толықтыруға «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы кредит алды, кредит сомасы 400 млн. теңгені құрады, оның 200 млн. теңгесі 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде берілген «Даму» қорының кепілдігі.

 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры — бұл «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің құрылымына кіретін мемлекеттік даму институты. Қордың мақсаты Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Қордың миссиясы қолдау көрсетудің кешенді және тиімді құралдарын іске асыру арқылы Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуындағы белсенді рөл болып табылады. «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі құралдары Екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелерді, микрокредиттік ұйымдарды және басқа да қаржы институттарын жеңілдікпен қаржыландыру болып табылады. Ұйымның Қазақстанның барлық 17 облысында және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік филиалдары бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.