eGov mobile мобильді қосымшасы

0 14

eGov mobile мобильді қосымшасы 2019 жылдың 1 мамыр айынан бастап қолданылуда, мобильді қосымшасын Google Play (талап етілетін нұсқасы Android — 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppGallery, AppStore-де (талап етілетін нұсқасы iOS — 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.

eGov mobile мобильді қосымшасы QR кодын сканерлеу арқылы авторизациялану және қызметтерге қол қою, ХҚКО қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж салығын төлеу, «Цифрлық құжаттар»сервисінде үшінші тұлғаның құжатын көруге рұқсат алуға және қолжетімділік бөлінген құжатты жүктеуге мүмкіндік береді.

Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтуге  болады.

 

Танымал қызметтер:

  • «Цифрлық құжаттар» — eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау сервисі. Сондай-ақ, сервис азаматқа оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беру.
  • «Электрондық еңбек биржасы» — түйіндеме жасау, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алу, бос орынға назар аудару немесе шақырудан бас тарту;
  • «Денсаулық паспорты» — пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдалған ақпарат, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректері, диспансерлік есепке алу, стационарлық деректер, зертханалық зерттеулердің нәтижелері және т.б. сақталатын, құжатты iOS-тағы «Денсаулық»  бағдарламасына түсіру мүмкіндігі бар клиникалық құжатты алу.
  • «Зейнетақы калькуляторы» — зейнетақы төлемдеріңіздің болжамды мөлшерін есептеу.
  • «Хабарламалар» — барлық хабарламалар мен ақпараттық хабарламаларды көру.
  • «Профиль» — отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебе туралы әртүрлі мемлекеттік деректер қорынан алынған жеке ақпарат, заңды тұлғаға қатысу туралы ақпарат, авто және жылжымайтын мүлік туралы ақпарат және т.б.
  • «Менің карталарым» профиль — мемлекеттік баж салығын төлеу үшін төлем картасын байланыстыру.

QR сканерлеңіз және қосымшаны дәл қазір жүктеп алыңыз!

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттікк корпорацися»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Жамбыл облысы бойынша Филиалы мемлекеттік

қызметтер бойынша бейне кеңес беру халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы А.К.Есеев

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.