Жазасын өтеушіге Қызыл Крест және Қызыл Ай ұйымынан көрсетілген көмек

0 78

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59-мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға Жамбыл облыстық Қызыл Крест пен Қызыл Ай ұйымынан гуманитарлық көмек көрсетілді. Ұйымның директоры Оразгуль Тастемирова жазасын өтеушіге алғашқы қажет заттарын атап айтқанда, киімдер, аяқ киім, гигиеналық заттар және кеңсе құрал-жабдықтарын берді.

Аталған ұйымның басты міндеті-адами қасиеттерді құрметтей отырып, адамдарды олардың ұлты, нәсілі, жынысы, тілі, саяси ұстанымдары, мүгедектік белгілері және әлеуметтік жағдайы, азаматтығы, жасы немесе осыған ұқсас кез келген себеп бойынша кемсітпестен, олардың азап шегуінің алдын алу және жеңілдету болып табылады.

Қазақстанның Қызыл Айы халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы аумағындағы ең ірі гуманитарлық ұйым.
Мекеме қызметкерлері ұйым жетекшісіне алғыстарын айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.