Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне бизнеске заңсыз араласқаны үшін айыппұл салынды
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда әкімшілік кедергілер жасау фактісі бойынша заңсыз әрекеттері туралы арыз түсті.
Арызданушының уәждерін жан-жақты зерделеу барысында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы лауазымды тұлға бола отырып, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылыққа жол бергені анықталды.
Атап айтқанда, құжаттық салықтық тексеру кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол бере тұра, жаңадан тексеру актісін шығару арқылы ЖШС-нің кәсіпкерлік қызметіне қайта заңсыз араласқан.
Өз кезегінде Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аталған факті бойынша облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты әкімшілік хаттама (ӘҚБтК-нің 173-бабы) толтырылды.
Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толығымкн төленді.