Отбасы күніне орай «Менің тәтті отбасым» атты қойылым көрсетілді

0 16

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай құқық қорғау қызметкерлерінің ұйымдастыруымен орыс драма театрының көрінісі көрсетілді, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Театрландырылған қойылымның басты қонақтары құқық қорғау қызметінде жұмыс істейтін қызметкерлердің отбасы мен балалары болды.

Полиция департаментінің «Отбасы күніне» орай өткізіп жатқан бұл шарасы барлық келгендердің көңілінен шыққандай.

Отан –отбасынан басталады. Бүгінгі таңда жанұяның беріктігі, ата ананың бала тәрбиесіндегі алар орны, толық отбасы мәселесі қоғамдағы кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Бүгінгі біз тамашалаған қойылымның да өзектілігі осында. Барша ата аналарды алда келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын, деді қойылымға келген тараөдық тұрғын Олжас Мәмбет.

Мерекеге орай өткізіліп отырған «Менің тәтті отбасым» тақырыбындағы көріністік іс-шаралар мұнымен шектеліп қалмайды. Құқық қорғау органдарының ұйымдастырған іс-шаралар легі апта бойы жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.