Huawei жиналмалы смартфондар бәйгесіне алғашқылардың бірі болып қосылды. Қосылып қана қоймай, жиналмалы смартфондардың 3 түрін шығаратын жалғыз компанияға айналды. Олар: кішкене жиналмалы смартфондар, әдеттегі экранды ішке қарай бүктейтін смартфондар, сондай-ақ ерекше экранды сыртқа қарай бүктейтін смартфондар. Бүгін Stan.kz Huawei-дің жиналмалы смартфондар әлеміндегі жаңа өкілі HUAWEI Mate X3-ті таныстырады.
HUAWEI Mate X3 өте жұқа және салыстырмалы түрде жеңіл бола тұра бұрынғыдан да көп мүмкіндіктер ұсынады. Бүгін бұл смартфонның экран диоганальдары, 4800 мА батареясы мен сыртқы қапталдағы үш бірдей камерасының үйлесімі туралы сөз етеміз.
Дизайн
HUAWEI Mate X3-ті бүктелген кезде де толықтай қарапайым смартфон ретінде қолдануға болады. Бұл осы тектес смартфондар ішінде осындай мүмкіндікті беретін жалғыз аналог деуге болады. Оның басты себептерінің бірі ол алдыңғы смартфондарға қарағанда жұқа, корпусы – 5,3 ММ. Сондай-ақ өндірушілердің сыртқы экранды жақсартқанын атап өтпеске болмайды. Оның көлемі шамамен 21:9. Экран айналасындағы жақтаулар да минималды жасалған, бірақ сол жағы массивті көрінеді. Себебі онда бүктеуге арналған топса бар. Бүктеген кезде сыртқы жапсары әйнекпен немесе былғарымен қапталып тұрады. Жасыл түсі былғарымен қапталса, ал ақ, қара түстері әйнекпен қапталған. Функционалды элементтерден әдеттегідей екі пернесі бар: дауыс күйін өзгерту және блоктау батырмалары. Басты ерекшелік, сканер қуат түймесіне ауысқан.
HUAWEI Mate X3 корпусы ipx8 стандартына сәйкес ылғалдан қорғалған. 1 м-ден астам тереңдікке ұзақ уақыт батыруға төтеп бере алады. Смартфон қолыңыздан түсіп кетуі мүмкін екенін ескерсек, оған қазіргі таңда қорғаныш нарығындағы ең берік қорғау әйнектердің бірі Kunlun орнатылған. Бұл гаджеттегі әйнектің тағы бір ерекшелігі смартфонды толық ашқан кезде оның қай жерден бүктелгенін көру қиын. Бүктелген жерді бағамдау үшін экранды қара фонға қойып, қырына қарай жатқызып, аңғаруға болады. Қолмен жанасқан кезде де оның бүктелген тұсын табу қиын.
Смартфонда Huawei-дің әдеттегі бағдарламалар жиынтығы бар: құжаттар, галерея, камера және т.б. Google Play орнына AppGallery-ді қолданасыз. Енді AppGallery-де YouTube, «Google Maps», Google Chrome, WhatsApp, Zoom, Twitch және басқа да қосымшалар қолжетімді және толық жұмыс істейді.
Дисплей
HUAWEI Mate X3 ішкі экраны 7,85 дюйм OLED матрицасы мен 2496 × 2224 өзгеру мүмкіндігі бар. Форматы – 10.2: 9, пиксель тығыздығы — 426 ppi. Жиналмалы экран үшін өте жақсы көрсеткіш, себебі әдетте олардың дисплейі 400 өзгеру мүмкіндігінен аса алмайды.
Жабық және ашық күйде дисплейдің түстер гаммасын өзгертуге болады. Интерфейстің күңгірт және ашық түсі бар. Экранды қорғау режимін қоссаңыз, жаныңыздағы адамдар сіздің телефоныңызға қырынан не қарап отырғаныңызды көре алмайды. Экрандағы жарық сіздің айналаңызға түскен жарыққа сай бейімделе алады.
Жады
HUAWEI Mate X3-тің 12 ГБ LPDDR5 жедел жады және 512 ГБ UFS 3.1 тұрақты жады бар. Huawei смартфондарының жағымды ерекшелігі — жадты кеңейту ұясының болуы. Мұнда компания шығаратын 256 Гб жады бар NM карталарын салуға болады. Алайда жады картасын SIM-карта орнына салу керек. Яғни екі SIM-картаның бірін құрбан етуге тура келеді.
Байланыс
Смартфонда LTE бар — модем жылдам, тұрақты жұмыс істейді. Өндіруші диапазондарды нақтыламайды, бірақ Huawei-де бұл жағынан қиындық ешқашан болған емес. Сымсыз модульдер: Wi-Fi (802.11 a/b/g/n/ac/ax), Bluetooth 5.2, IR порты, NFC, GPS, GLONASS, BeiDou, Galileo, QZSS және NavIC бар.
Камера
HUAWEI Mate X3 «қағаздағыдай» камералар жиынтығын алды. Үш модульді камера бар: негізгі 50 мегапиксельді, кең бұрышты және масштабтау камерасы. Huawei смартфондары әртүрлі фотосурет мүмкіндіктерімен және бағдарламалық жасақтамамен танымал. Негізгі камераға түсіру кезінде ақ түсті тамаша қолданған. Мәселен, жарықтандыруы дұрыс емес жерлерде де суретке түсіру жеңіл. Тіпті түнгі түсірілімді қоспаған күннің өзінде сурет қанық шығады. Ал жарық мүлдем жоқ жерлерде түнгі режимге ауыссаңыз, айналаңыздағы әртүрлі бояулар камераңызға анық ілінеді. Әдепкі фокустық қашықтықты таңдау төрт нұсқаны ұсынады: кеңейтілген бұрыш, стандартты бұрыш, 5х масштабтау және 10х масштабтау.
Экстремалды масштабтау кезінде де қанық түстер сақталады. Портрет режимінде қажетті тұлғаны үлкен форматта түсіру кезінде ол бейнені анық бөледі. Сондай-ақ, смартфон камерасында әртүрлі фильтрлер бар. Мәселен, жүрек салып, спиральдар қоюға немесе өзіңізді жас көрсету үшін бьютификаторды қолдануға болады.
Видео түсіру кезінде 4К режимінде секундына 60 кадрға дейін алу мүмкіндігі бар. Толық HD және 30 кадр/сек жылдамдықта бейнені тұрақтандыру мүмкіндігін қолдана аласыз. Автофокус пен xmage түсірілімді 32 есеге дейін баяулата алады.
Қуат
HUAWEI Mate X3 18,24 Вт·сағ (4800 мА·сағ, 3,8 В) батарея жинағы бар. Егер сіз смартфонды қолданып, көбінесе сыртқы экранмен жұмыс істесеңіз, ол күні бойы зарядты сақтайды. Ал егер күні бойы ойын ойнап, фильм көріп немесе басқа да мақсатта экранды қосулы ұстасаңыз, Wi-Fi қосылып тұрған күннің өзінде де, ашық күйде шамамен 11 сағат, бүктелген күйде шамамен 18 сағат қуат көзін ұстап тұра алады.
HUAWEI Mate X3 ылғалдан сенімді қорғалған, экран сенімді, қуат көзі берік жиналмалы смартфон екенін түсіндік. Сонымен қатар, өте жұқа корпусты, симметриялы дизайнмен, әлдеқайда тиімді камералар оны толықтыра түседі. Бір сөзбен айтқанда, бұл сәтті модель. Ол сіздің күнделікті жүріс-тұрысыңызда қолайлы көмекші, сәнді атрибут бола алады.