Жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

0 7
«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен партия филиалдарының өкілдері партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша «Ұлы дала» мөлтек ауданы мен «Кірпіш зауыты» алқабында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді.
«Ұлы дала» мөлтек ауданына баратын Көшек батыр мен А.Пушкин көшелерінің арасын жалғайтын ұзындығы 600 метрді құрайтын жолдың орташа жөндеу жұмыстарын «Нұрлы жол-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жол жөндеу жұмыстарына 9 техника мен 30-ға жуық жұмысшы тартылған. Жұмыстар сәуір айының 17-ші жұлдызында басталған, келісім-шарт бойынша басталған күннен бастап 45 күн мерзім ішінде жұмыстар толық аяқталуы тиіс.
Ал, «Кірпіш зауыты» алқабындағы Завод көшесінің 3-ші бұрылысындағы ұзындығы 1 шақырымды құрайтын жолдың орташа жөндеу жұмыстарын «B-GRASS COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жол жөндеу жұмыстарына 7 техника мен 25 жұмысшы тартылған. Жұмыстар сәуір айының 17-ші жұлдызында басталған, келісім-шарт бойынша басталған күннен бастап 60 күн мерзім ішінде жұмыстар толық аяқталуы тиіс.
Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген мекен-жайлардағы жол жөндеу жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және салынып жақтан жолдың сапасы техникалық қадағалаушы тарапынан бақылауға алынған. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша биылғы жылға жол салуға жоспарланған көшелердің алтауында бүгінгі күні жөндеу жұмыстары басталған.
Қоғамдық бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша мердігер компания өкілдеріне жұмыстарды келісім-шартта көрсетілген мерзімде аяқтау, жұмыстарды сапалы атқару, әсіресе техникалық қауіпсіздігіне баса мән беру, сондай-ақ жүргізушілер мен тұрғындарға қолайсыз жағдай тудырмау үшін салынып жатқан жолдың жанынан салынған айналма жолға уақтылы су сеуіп отыру және уақытша жол белгілерін орнату жөнінде ұсыныстар берілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.