Жамбыл ауданы тұрғындарының 94,2 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған

0 16

Жамбыл ауданында 42 елді мекенде 85 314 халық болса, оың ішінде 34 елді мекендегі 70 646 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш халық санына шаққанда 94,2%-ды құрайды. Аталған мәліметті Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев айтты.

Қазіргі таңда ауданға қарасты 3 ауылда су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Ал 4 елді мекенді тіршілік нәрімен қамту үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленген.

-Бүгінгі күні, таза ауыз су мәселесі республика көлемінде емес әлем бойынша өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл бағытта, Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін қала және ауылдық елді мекен тұрғындарын 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бар. Аталған міндетті орындау үшін өңірде де жүйелі жұмыстар атқарылуда-деді басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.