Талас ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті

0 21

21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Талас ауданында салтанатты шара ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков мәдениет және өнер қызметкерлері күні арналған жиынға қатысты.

— «Ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруда, ел идеологиясы мен жаңғыруында, рухани байлығы мен асыл мұрасын дәріптеуде сала мамандарының орны айрықша» — деді аудан басшысы.

Талас ауданында  мәдениет және өнер саласның дамуына айрықша үлес қосқан, ұзақ жылдар табысты еңбек еткен біршама мамандар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар, Талас аудандық мәслихатының «Құрмет Грамотасы» табысталды.
Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың әуелеген әніне, мың бұралған биіне ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.