ҚАЖ Департаментіне қарасты №58 мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні атап өтілді

0 79

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №58 мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтаннатты жиын өткізілді. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу құрметіне  жеке құраммен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Туы көтерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.