Биыл ауданда қайтарымсыз грант қаражаты 73 адамға беріледі

0 19
Биыл Сарысу ауданында қайтарымсыз грант қаражаты 73 адамға беріледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Биылғы жылы ауданда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «ұлттық жоба» аясында қайтарымсыз грант қаражатын 73 адамға беру жоспарланды. Қаралған қаржы 100 740,0 мың теңгені құрайды.
1 адамға 400 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 1380,0 мың теңге.
1-ші лек бойынша грант қаражатын алу үшін өтінімдер 2023 жылдың 20 ақпан – 3 наурыз күндері аралығында қабылданып, 16-17 наурыз күндері өткен комиссия отырысының шешімі негізінде, жоспарға сәйкес, 25 адамға грант қаражаты берілді.
Грант қаражатын алғандар ішінен мал шаруашылығымен 10 , құс өсірумен 1 және өзге де жеке кәсіпкерлікпен 14 жоба айналысады.
2-ші лек бойынша өтінімдер 2023 жылдың 15 – 26 мамыр аралығында 189 адамнан қабылданды. Грант беру жоспарына сәйкес, 18 адам грант қаражатын алды.
Грант алғандар ішінен мал шаруашылығымен 11, құс өсіру 1 және өзге де жеке кәсіпкерлікпен 6 жоба айналысатын болады. Әлеуметтік санаттары бойынша көп балалылар 9, мүгедектігі барлар 3, мүгедек бала тәрбиелеуші 4, аз қамтылғандар 1 және асыраушысынан айырылғандар 1 адам.
3-ші лек бойынша өтінімдер 2023 жылдың 10 шілде – 21 шілде аралығында қабылданып, 15 адамға грант қаражатын беру жоспарланса, 4-ші лек бойынша өтінімдер 2023 жылдың 4 қыркүйек – 15 қыркүйек аралығында қабылданып, 15 адамға грант қаражатын беру жоспарланып отыр.
Бастау бизнес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына биыл 265 адамды оқыту көзделген. Бүгінгі күнге оқуға 179 адам тартылды.
Грант қаражатын алып оның нысаналы пайдаланғаны туралы, бағдарламаға қатысушы электронды портал арқылы өз кабинетіне тиісті құжаттарды тіркеу арқылы растайды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.