Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен көліктегі полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және жеке қауіпсіздік басқармалары теміржолдың жай-күйін жақсартуға арналған материалдарды ұрлау фактілерін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚТЖ Қарағанды бөлімшесінде мұндай тауарларды аса ірі көлемде иемдену фактісімен қатар Жамбыл өңірінде бір топ адам тағы сондай ұрлық жасаған.
Бұл учаскеде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығын әкелген 17 эпизод тіркелген.
Тергеу көрсеткендей, осы тізімдегі 13 ұрлықты Тараз стансасындағы көліктегі полицияның лауазымды тұлғалары есепке алмай, жасырған.
Көбіне қолданыстағы теміржол желілерінің 5 мыңнан астам «ФОССЛО» бекіткіші ұрланған.
Бұл негізгі бөлшектер рельстерді мықтап бекітуге және жоғары жылдамдықты қозғалыстың қауіпсіздігін қамамасыз етуге арналған.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.