Партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Тараз қаласымен қатар Жамбыл ауданының тұрғындары келіп, өтініштерін білдірді.
Тараз қаласының тұрғыны жалғызбасты, 6 баланың анасы өтінішін білдірді. Тұрмыс жағдайының төмендігін айтып, жаңа оқу жылының басталуына орай, балаларын мектеп формасымен қамтамасыз етуге көмек сұрады. Өтініш иесінің мәселесі бойынша заң аясында түсініктеме беріліп, алдағы уақытта «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында көмек көрсетілетіні жеткізілді.
Тағы бір қала тұрғыны Тараз қаласындағы жоғарғы оқу орында оқитын ұлының оқуын ақылы негізден грантқа ауыстырып беруге көмек сұрады. Қала тұрғынының отбасылық жағдайын ескере келе, жоғарғы оқу орны басшылығына жазбаша өтініш жазылғаннан кейін, ұлының оқуын ақылы негізден грантқа ауыстыруға келісім алынды.
Тараз қаласының «Қант зауыты» ауданы, Ақжол көшесіне және Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылының Мыңбұлақ көшелеріне асфальт төсеу қажет деп қайырылған тұрғындарға заң аясында түсініктеме беріліп, құзырлы мекемеге жазбаша өтінішпен қайырылу қажеттігі түсіндірілді.
Ал, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылының тұрғынының да өтініші маңызды мәселелердің бірі. Тараз қаласынан Шымкент қаласына барар жолдың бағытында Бектөбе ауылы орналасқан. Алайда ауылдың үлкен жолға шығар тұсында бағдаршам қойылмағандықтан, жол апаты көп орын алады. Сондай-ақ, жол бойына автобус аялдамасын да орнату қажеттігін жеткізген өтініш иесінің жазбаша өтініші қабылданып, құзырына қарай жолданып, бақылауға алынды.