Бүгін облыстық мәслихаттың депутаты Аббосов Жалил Азимович «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғынның бірі «Оңтүстіктен Солтүстікке көшу» бағдарламасы арқылы Қостанай облысына отбасымен барып жұмыс істегісі келетінін айтып, бағдарлама туралы ақпарат алғысы келетінін жеткізді. Өтініш иесіне бағдарлама туралы құзырлы мекемеден ресми ақпарат алып, таныстырылатын болды.
Сондай-ақ, жаңа оқу жылының басталуына орай, балаларын мектеп формасымен қамтамасыз етуге көмек сұрап қайырылған тұрғынға «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында өз атынан демеушілік білдіріп, бір реттік көмек көрсететін болды.