«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңес мүшелері 68 пайызға жаңарды

0 38

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының  соңғы екі жылда атқарған жұмысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы және партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының облыс бойынша іске асырылу барысы ХХХІІ (отыз екінші) есеп беру сайлау конференциясында  айтылды.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаевтың қатысумен өткен конференцияға 266 бастауыш партия ұйымы біріктірген, барлығы 53,6 мың партия мүшесінің атынан  200 делегат қатысты.

Конференцияда баяндама жасаған «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партия облыстық филиалы Саяси Кеңесінің соңғы екі жылда атқарған қызметтеріне кеңінен тоқталды.

Оның сөзінше, партияның «Өзгерістер жол: Әр азаматқа лайықты өмір» Сайлауалды бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдары әр сала бойынша бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асқан. Мәселен, облыстағы білім саласында 6 мың орынға арналған 18 мектеп, 5 мың орынға арналған 38 балабақша, 22 денсаулық сақтау нысаны, 9 спорттық нысан, 9 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, Тараз қаласында көп балалы аналарды қолдау «Анаға тағзым» орталығы, 80 үйірме жұмыс істейтін «Бақытты болашақ» облыстық Оқушылар сарайы ашылған.

Сонымен қатар, 1,3 миллион шаршы метр тұрғын үй соғылып, 3296 пәтер берілді, 62,8 мың адамды қамтитын 30 елдімекенге таза ауыз су жүйесі тартылды, 18,8 мың адамды қамтитын 37 елдімекенге газ тартылды, 18 кәсіпорын іске қосылды.

Сондай-ақ, филиал төрағасы «AMANAT» партиясының 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасына да кеңінен тоқталып, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру аясында облыстық Жол картасы қабылданғанын жеткізді.

– Қазіргі уақытта Жол картасын іске асыру аясында облыста бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылып та үлгерді.

Атап айтар болсақ, Тараз қаласындағы 200 орындық онкологиялық диспансер мен 250 орынға шақталған Байзақ аудандық емханасы, Қордай және Меркі аудандарында 180 орындық мәдениет үйлері ашылып, жұмысын бастады. Бұдан өзге, облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен құны 720 миллион теңге болатын «Almaly resort» этнотуристік демалыс орталығы іске қосылды. Сондай-ақ, Тараз қаласында автобус паркіне қосымша 38 дана жаңа автобустар сатып алынып, автопарктер жаңаруда, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Есептік кезеңінде облыстың шалғай елді мекендерінде 64 мобильді қоғамдық қабылдау өткізіліп, 891 азаматтардың мәселелері қаралған. Қазіргі уақытта партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда. Жамбылдықтарға 20,6 млрд.теңге бөлініп, 2193 жоба қаржыландырылды.

Есеп беру сайлау конференциясы барысында бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, бірқатар делегаттар облыстық партия ұйымының соңғы екі жылдық жұмысын талқылап, ашық дауыс беру нәтижесінде бір ауыздан қанағаттанарлық деп таныды. Конференция барысында Саяси кеңес қатары 50 пайызға жаңарып, жастардың үлесі 20%, әйелдердің үлесі 33,3% құрап отыр. Саяси Бюро кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының қатары да  жаңа мүшелермен жаңартылды.

Партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев алдағы кезеңде партия мүшелерінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өтті. Фракция жұмысын жетілдіру, партиялық жобаларды жандандыру мен Жол картасындағы іс шаралардың уақытында әрі сапалы орындалуын қаматамасыз ету мәселесін де баса айтты.

 Жалпы Жамбыл облыстық партия ұйымына 10 аумақтық филиал кірсе, онда 266 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген 53,6 мың партия мүшесі бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.