Тәртіп сақшылары тазалық жұмыстарын жүргізді

0 8

Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда,  елімізде өтіп жатқан   #Birge #TazaQazaqstan республикалық акциясына әулиеаталық әлеумет те қатысты.

Игі бастамадан Жамбылдағы түзеу мекемелері де шет қалған жоқ.  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД 58 мекемесі жеке құрамы тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Қызметкерлер  кіре беріс аймақтар мен көшелерді, лас қоқыстардан тазартып,  арнайы техникалардың көмегімен тиісті қоқыс қалдықтарын тастайтын орындарға жеткізілді.

Жұмыла атқарылған жұмыстың нәтижесінде айнала әп-сәтте әдемі кейіпке еніп шыға келді.  Қызу тазалық жұмыстары алдағы уақытта да үздіксіз жүргізіліп тұрады, дейді мекеме қызметкерлері. «Тек сенбілікте ғана емес, әр күнімізде осындай санитарлық жұмыстарға баса мән беріліп, әркім өз үлесін қосса, ортақ үйімізді таза қалпында сақтауға мүмкіндік туар еді», деген тәртіп сақшылары баршаны қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.