Оқыту, емдеу, жол жөндеу: Қазақмыс Жамбыл облысының тұрғындарына қалай қолдау көрсетуде?

0 32

Жамбыл облысы Шу ауданынан 20-дан астам жүйке ауруына шалдыққан бала облыстық оңалту орталығында ем алды. Олардың әрқайсысының 10 күндік курс ақысын Қазақмыс компаниясы өтеді.

Шу ауданы – корпорация жұмыс істейтін, мыс алыбы ретінде жіті көңіл бөлініп отырған өңірлердің бірі. Сондықтан аймақтың әлеуметтік дамуы да маңызға ие. «Қазақмыс» мұнда өз ресурстарын пайдалана отырып, жергілікті кадрларды өсіруде. Шу ауданына қарасты Бірлікүстем, Қонаев, Көкқайнар және Бірлік ауылдарының сегіз тұрғыны Балқаш политехникалық колледжінің «Пайдалы қазбаларды өңдеу» мамандығы бойынша сырттай оқу бөліміне қабылданды. Компания оқу ақысы мен сессия кезінде келіп тұру үшін қаржылық өтемақы төлейді. 4 жылға жетер-жетпес уақытта ауыл тұрғындары диплом алып, лайықты жалақы алатын жұмысқа орналаса алады.

Компания инфрақұрылым мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Жақында корпорацияның қаржысына Шоқпар және Алайғыр ауылдарының арасындағы жол жөнделіп, Көкқайнар ауылына су арықтары салынды. Алдағы уақытта ауданның төрт ауылында балалар және спорт алаңдары пайда болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.