Алматыда кішкентай баланың аяғының башпайын қолына ауыстырып салды

0 15

Әлемге әйгілі микрохирург қазақстандық алты балаға күрделі операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 

Алматыда №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында сирек кездесетін аяқ-қол патологиясы бар балаларға отаны әлемге әйгілі микрохирург, профессор Игорь Голубев жасады.

қол
Фото: №2 Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасы

 

«Алматы қаласынның №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының 20-дан астам қызметкері мастер-классқа қатысты. Аяқ-қолында туабіткен және жүре пайда болған ақауы бар барлық баланың ішінен біздің дәрігерлер консилиумы көмек көрсетілген алты пациентті таңдады. Мұндай мастер-классты дәрігерлердің кәсібилігінсіз, сондай-ақ біздің бас серіктесіміз «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауынсыз өткізу мүмкін болмас еді», — дейді «Мейірім» еріктілер қоғамы» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

Бір жарым жасар Мүбәрәктің әжесі Мира Қалибекованың айтуынша, немересі оң қолдың аплазиясымен және сол қолының бірінші және екінші саусақтарының фалангасы жоқ күйінде дүниеге келген.

бала
Фото: и№2 Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасы

 

«Қызым «Мейірім» қоғамдық қорына жүгінді, тексеруден кейін дәрігерлер аяқтың башпайын сол қолға ауыстырып салуға болатынын айтты. Бұл оған сол жақ қолымен кесе ұстауға, сол қолды толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақта мектепке барғанда сол қолымен қалам ұстап, жаза алу үшін қажет», — дейді баланың әжесі.

№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияровтың сөзінше, саусақты қолға трансплантациялау отасы сегіз сағатқа созылған.

 

«Бала жүреді, ойнайды, ата-анасы оған оң білегіне косметикалық протезге тапсырыс берді. Даму жағынан бала өз қатарынан қалмайды, оның барлық анализдері қалыпты. Саусақты қолға трансплантациялау бойынша ота сегіз сағатқа созылды. Мүбаракқа қалпына келу қажет. Мұндағы бүкіл оталар әртүрлі сипатта болды. Оның ішінде туабіткен ақаулар да, жарақаттан кейін пайда болған ерекшеліктер де бар»,- деп атап өтті №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.