«Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

0 25

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар да қоғам қамқорлығын сезіну керек. Бұл бағытта өңірде арнайы іс шаралар өтіп жатыр. Соның бірі «Анаға» тағзым» орталығында ұйымдастырылды.


Аталған жиын ағымдағы жылдың наурыз айында қабылданған «Әйелдер мен балаларға қатысты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастардың алдын алу туралы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы» меморандум аясында өткізіліп отыр.

Модератор Эльмира Мырза-Ғали қатысушыларды 2023 жылдың ІІ-жартыжылдығында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы болып қайта құрылған мекеменің мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Жиынға білім, медицина, ішкі істер органдары мен түрлі ұйым өкілдері қатысып, проблемалық жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін тәжірибе мен күш біріктіруді көздеді. Сала мамандары бірігіп отбасыларды кешенді түрде қалай сүйемелдеуге болады? Қандай көмек бере алады? Осы сауалдар төңірегінде ой қозғап, мәселенің мән-жайын анықтап, оны шешу жолдарын қарастырып, жұмыс істеу тетіктерін талқылады.

Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Қайрат Үкібасов отбасының қиын жағдайға тап болуының бірқатар себептерін атап өтіп, бүгінгі таңда 500-ден аса отбасы балаларын өзге адамға табыстап, сенімхат жазу арқылы қалдырғанын айтты. Жамбыл облысы Полиция департаментінің ЖПҚБ бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханованың айтуынша, жыл басынан бері облыс көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша көптеген арыз-шағым түскен. Осындай отбасыларында түрлі проблемалық жағдайдың кездесетіні жасырын емес.

Қаладағы мектеп директорларының құқық қорғау ісі жөніндегі орынбасарларымен өткен отырыста отбасында кездесетін мәселелер көтерілді. Бұл жиында құрғақ сөз айтылған жоқ, бос уәде берілген жоқ. Нәтижесінде, түрлі ведомства басшылары күш біріктіріп, бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.