Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков ұстаздарды марапаттады

0 3

Мұғалімдер күні – білім саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтеді.
Қазақстанда Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Алайда 2023 жылы наурызда үкімет кәсіби мерекенің нақты датасын бекітті. Ұстаздар мейрамы әлемнің 100-ден астам елі тойлайтын Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Яғни биылдан бастап Мұғалімдер күні елімізде жыл сайын 5 қазанда тойланады.Бүгін аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ұстаздар күні мерекесіне арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты арнайы жиынға қатысып, үздік ұстаздарды, сала ардагерлерін марапаттады.

Салтанатты шарада аудан басшысы педагогтарға мемлекеттік қолдау шараларының қарқынды жүргізіліп жатқанын, ұстаздардың білім беру саласында табысты жетістіктерін атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады.

«Қай заманда, қай қоғамда болмасын, баланы оқыту, оған тəрбие беру — ең ұлы мұрат, ұлағатты іс. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де — ұстаз. Сондықтан, еліміздің келешегі сіздердің қолдарыңызда. Білімді ұрпақ дайындау — сіздердің абыройлы міндеттеріңіздің бірі болып қала беретіндігіне сенімдімін. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айтамын. Еліміздің атын әлемге танытар шәкірттеріңіз көп болсын!» — деді Нұрбол Әбдімажитұлы.

Мерекелік жүздесуде бірқатар ардагер ұстаздар мінберге шығып, педагогтар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.
Марапат иелеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және тағы басқа түрлі сыйылықтар табыс етілді.

Саланатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.