Әрбір ауыл жіті бақылауда болуы тиіс

0 1

Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков Айдарлы, Бірлік, Көкжелек, Күшаман ауылдарында болып, жүргізіліп жатқан құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен Айдарлы ауылындағы №2 орта мектебінде болған аудан басшысы жөндеу жұмыстары барысында мектеп ауласындағы қауіпсіздікті және жүріп жатқан жұмыстың жылдамдығын зерделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Dauren Build» ЖШС-нің өкіліне жұмыстың баяу жүргізіліп жатқанын баса айтып, белгіленген мерзімде мектепті өткізу үшін жұмысты ширатуды талап етті.

Содан соң аудан басшысы Айдарлы ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұл нысанның құрылысын жүргізіп жатқан «Нұрбек» ЖШС-нің өкілдері құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталатынын айтып, қазіргі таңда орындалған жұмыстармен таныстырып шықты.

Келесі кезекте Әлихан Әбіләшұлы Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының жай — күйін көзбен көрді. Бұл нысанды да ұтып алған «Dauren Build» ЖШС-ң өкіліне жұмыстың баяулығын ескерткен аудан әкімі учаске бастығы Дмитрий Юдиннің жұмыс барысын сынға алды.

Одан кейін ат басын Көкжелек ауылына бұрған аудан басшысы ауыл әкімдігінің ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен және жақында қолданысқа берілетін су тарату жүйесінің жағдайымен танысты. Нысандарда атқарылып жатқан жұмыстарға өз бағасын берген аудан басшысы ауыл әкімі Жәнібек Айдарқұловқа нақты тапсырмалар жүктеді.

Сапар соңында аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы Күшаман ауылына соғып, бұл ауылдың да әкімдік ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көріп, ауыл әкімі Жандос Қуантаев пен мердігер компанияның өкіліне нақты тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.