Ұлттық мереке «Республика күні» тойлануда

0 3
Бүгін еліміз бойынша ұлттық мереке — Республика күні тойлануда. Осыған орай Қаратау қаласының орталық алаңында ұлттық құндылығымыз ұлықталып, Әнұран шырқалды.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, халық қалаулылары, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме, бөлім қызметкерлері, қоғам белсенділері сондай-ақ жастар буыны қатысты.
Орталық алаңда тарихи датаның маңыздылығын айшықтайтын көрмелер, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Таластық өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтататын әуендер шеруін тарту етті. Сондай-ақ, кіші жасөспірімдер арасында таеквондодан жарыс өтуде.
Leave A Reply

Your email address will not be published.