Қордай ауданында агросалада 32 жоба іске асырылған

0 14

Барлық саласының дамуында оң динамика қалыптасқан Қордай ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 140,6 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде даму драйвері саналатын өнеркәсіп 15,8 млрд. теңге болса, ауыл шаруашылығы 70,1 млрд.теңгеге орындалған. Қазір агросалада 2,3 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылған. Бұл туралы аудан әкімі Бегзат Болатбек Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте баяндады.

— Өнеркәсіп саласында 1,7 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске қосылып, 136 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 740 млн. теңгеге 6 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның нәтижесінде 47 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Қазір 2 жобаның құрылысы аяқталып, 23 тұрақты жұмыс орындары ашылды.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 556 бірлікті құрап отыр. Сондай-ақ, кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған адам саны 15 951 адам болды. Бүгінгі күнге ауданда түрлі бағдарламалар арқылы жалпы 5 млрд. теңгеге несие беріліп, 32 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы соммасы 582,2 млн. теңгені құрайтын 36 жоба қолдау тапты,-деді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.