Нұрбанк әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Осындай жауапты ынтымақтастықтың мысалы ретінде – студенттерді жайғастыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы республикалық бюджеттен кезең-кезеңмен өтелетін, инвестордың қаражаты есебінен студенттік жатақханаларды салу немесе қайта құрудың (ЕДБ-ға тартылуы және «Даму» Қоры субсидиялауы мүмкін) ұлттық бағдарламасына көмек көрсету болып табылады.
Бизнес пен мемлекет арасындағы ынтымақтастық
Бізде аталған мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін көрсететін Тараз қаласынан сәтті бизнес-жоба туралы тамаша әңгіме бар. Баласының жатақханадан орын тапшылығын инвестор Нургали Амангельдиев өз басынан өткерді. Нәтижесінде, ол тапшылықтың ауқымын көріп, ең болмағанда өз аймағындағы жағдайды жақсы жаққа өзгертуге шешім қабылдады. Бұл шешім дұрыс болғанын айта кетейік.
Жатақханадағы орындардың тапшылығы нақты мәселе және Қазақстанның әрбір аймағы үшін өзекті. Жетекшілігімен аталған бағдарлама жүзеге асырылып жатқан «Қаржы орталығы» АҚ-ның (акционерлер – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және ҚР Білім министрлігі) деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда 265 мыңнан астам түлек шықты. Бұл ретте, республика бойынша 2023 жылы студенттерді жатақханаға орналастыруға 70 мыңға жуық орын тапшылығы байқалды. «Қаржы орталығы» АҚ-ның сарапшылары, шаралар қолданылмаған жағдайда, тапшылық жағдайының одан әрі ушыға түсетініне сенімді. Өйткені, 2030 жылға қарай республика бойынша мектеп бітірушілер саны шамамен 300 мың адамды құрауы мүмкін, ал 2035 жылға қарай бұл сан 400 мыңға дейін жетеді. Талдау авторлары бітірушілер санының мұндай күрт өсуін 2000 жылдардағы «бэйби-буммен» байланыстырады. Ең елеулі тапшылық екі ірі қалада – Астанада (2023 жылы – 15,8 мың орын) және Алматыда (2023 жылы – 33,5 мың орын).
Мемлекет инвесторларға не ұсынады? Ол өз қаражатын жатақхана салуға немесе қайта құруға салады. Инвестициялық келісімге сәйкес бизнес өкілі студенттің жатақханада тұруына мемлекеттік тапсырыс алады.
Қажет болған жағдайда бизнес өкілдері «Даму» КДҚ» АҚ арқылы нысанды салуға немесе қайта құруға кредит бойынша мөлшерлемені субсидиялай алады. Нұрбанк клиентіне қатысты да осындай жағдай орын алған. Бұған дейін көпсалалы кешен құрылысын қаржыландыруда Нұрбанкпен жұмыс істеген тәжірибесі бар Нургали Амангельдиев жатақхана құрылысына қаржылай көмек сұрап банкке жүгінген. Нұрбанктің Тараз қаласындағы филиалының мамандары бұл жобаның қоғамға тигізер пайдасын көріп, қаржылай қолдау көрсетуге бел буды. Жоғарыда айтылғандай, кредит бойынша мөлшерлеме «Даму» КДҚ» АҚ-ның тарапынан қолдау ретінде субсидияланады.
— Студенттер жатақханасының құрылысын бастау идеясы қалай туды?
— Өмірлік жағдай. Ұлым 2022 жылы мектеп бітірді, университетке түскен кезде оған жатақханадан орын табылмады. Содан кейін жағдайды зерделей бастадым және студенттер үшін баспананың тапшылығы – республикалық ауқымдағы мәселе деген қорытындыға келдім. Сол кезден бастап мен студенттер жатақханасының құрылысын жоспарлай бастадым. Кейінірек мен мемлекеттік бағдарлама туралы білдім, оған сәйкес мен инвестор ретінде әрекет етіп, өз шығындарымды мемлекеттен өтей аламын.
Ақырында, жер учаскесін алуға және студенттер жатақханасын салуға қаржы алу үшін Нұрбанкке жүгіндім. Нұрбанк кредитімді мақұлдады. Сонымен қатар, біз «Даму» КДҚ» АҚ есебінен кредит бойынша мөлшерлемені субсидиялау мүмкіндігін пайдаландық. Мен өз командамның жұмысының нәтижелерін мақтан тұтамын – 2023 жылдың маусым-шілде айларында қаржы алдық, ал 16 қарашада студенттерге есік аштық.
Жатақханадан тек Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері ғана орын алатын меморандум жасадық. Бағдарламаның нормаларына сәйкес мен инвестор ретінде студенттің жатақханадағы тұруына ай сайынғы төлемді анықтай аламын және бұл сома мемлекеттен өтемақы сомасына кірмейді. Менің жобамда студенттер жатақханада тұру үшін айына 10 мың теңге төлейді. Менің ойымша, бұл қолайлы. Айтпақшы, бағдарлама нысанда қосымша ақылы қызметтерді орналастыруға болатын орындарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді (тіпті ұсынады). Қызмет көрсету саласынан делік. Мысалы, кір жуу орны, буфет немесе шаштараз — инвестордың қалауы бойынша.
— Жобаның техникалық бөлігі туралы айтып беріңізші…
— Ғимарат үш қабатты және 60 бөлмеден тұрады. Әр бөлме бес адамға арналған. Кешен жайлы асхана, заманауи спорттық құрал-жабдықтары бар спорт зал, кітапхана, компьютер бөлмесі және кір жуатын орынмен жабдықталған. Балалар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Жатақхананың маңында «Тараз-Арена» спорт кешені мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аллея орналасқан. Студенттердің қауіпсіз тұруы үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған – ғимарат бейнебақылау камераларымен жабдықталған, кіріп-шығу электронды карта жүйесі арқылы іске асырылады. Сонымен қатар, студенттердің оқу орнына қауіпсіз жетуін және кері қайтуын қамтамасыз ететін көлік бар.
Жатақханада студенттер оқу бағдарламасын ыңғайлы оқи алатын арнайы аймақтар, үлкен кітапханасы бар. Ғимаратта тамақты сақтау және дайындау үшін барлық қажетті атрибуттары бар ас үй аймақтары да бар.
— Нұрбанкпен ынтымақтастық тарихыңыз қандай?
— Мен Нұрбанкпен 2021 жылдан бері жұмыс істеймін. Жатақхана құрылысы – Нұрбанктен қаржы алған екінші бағытым болды. Менің алғашқы сәтті тәжірибем – «Науат» кешенінің құрылысын қаржыландыру болды. Мен Нұрбанк филиалының жауапты тұлғалары жұмысының тиімділігін атап өткім келеді. Маған шешім қабылдаудағы икемділік те ұнайды. Біз сенімді және жемісті қарым-қатынасты жалғастыратынымызға сенімдімін. Оның үстіне мың орындық мектеп салу жоспарда бар. «Қаржы орталығы» АҚ-мен де, Нұрбанкпен де, «Даму» КДҚ» АҚ-мен де осы бағытта жұмысты жалғастырамыз деп сенемін.
— Істерін жаңадан бастап отырған кәсіпкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?
— Қорықпаңыз және армандарыңызға ұмтылыңыз. Кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге бүгінде барлық мүмкіндік бар деп есептеймін. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бар, оның ішінде кредит бойынша мөлшерлемелерді субсидиялау есебінен. Клиентке бағытталған банктер бар, олар үшін әлеуметтік бағдарланған бизнеске көмек көрсету басымдылық болып табылады. Менің басты кеңесім — сенімді бизнес серіктестерін таңдаңыз. Нұрбанк біздің ынтымақтастығымызда осылай екенін көрсетті. Өйткені, іскерлік сапарыңыздың басында одақтастарды таңдауда қателеспеу өте маңызды.
«Нұрбанк» АҚ-да Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылдың 3 ақпанында берген № 1.2.15/193 лицензиясы бар.