Жамбыл облысының ҚАЖД №58 мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

0 34

2023 жылғы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлескен жоспарға сәйкес, ҚАЖ департаментінің «сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы жөніндегі» бас маманы әділет подполковнигі Айгүл Танашеваның басқаруымен 2023 жылдың 13- желтоқсанда № 58 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында — « қол күрестен, гір көтеруден, дойбы ойындарынан» мәдени-спорттық іс-шаралары САТжӘПЖБ бөлім бастығы әділет майоры Елдос Набатовтың ұйымдастыруымен өткізілді. Аталған іс-шараларға Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.


Жарыстың мақсаты- сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және ұйымшылдық пен ынтымақтыстықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру. Ойын қорытындысында қызықты да тартысты өткен спорттық жарыста жеңімпаздар анықталып, түрлі дәрежелі дипломдармен мараптталып, жалпы қатысушыларға дипломдар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.