Қайырымдылық – мейірімділіктің бір көрінісі. Таразда облыстық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының жаңа жылдық қайырымдылық шаралары өтуде.
Көп жылдардан бері Тараз қаласындағы Өзбек этномәдени орталығына қарасты Аналар кеңесінің игі дәстүрі биыл да өз жалғасын тапты. Сабохат Худайбергенованың жетекшілігімен «Үміт» дәмханасының директоры, меценат Гаюпова Лобардың Тараз қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, демеушілік жасады.
Шараның мақсаты- ерекше балаларға қамқорлық көрсетіп, қуаныш және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету.
Шара соңында ата- аналар алғыстарын айтып, этномәдени бірлестік тарапынан көрсетілген көмектерге ризашылықтарын білдірді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.