Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға жасаған мемлекеттік сапары кезінде құны 250 миллион доллардан асатын инвестициялық жобаларға қол қойылды,-деп хабарлайды
Үкіметаралық алты құжат бекітіліп, түрлі саладағы ынтымақтастық арта түсті. Оңтүстік шығыс Азия еліне жасаған сапары кезінде мемлекет басшысы Сингапур президентімен және өзге де жоғары лауазым иелерімен кездесіп, келіссөз өткізді. Бизнес форумда сөз сөйлеп, инвесторларды Қазақстанға шақырды.
-Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санаймыз. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты,-деді Президент.
Екі ел арасында тек ивестиция ғана емес, сауда көлемі де артып келеді.Былтыр тауарайналымы 1 миллиард 800 миллион долларға жетсе, оның басым бөлігі яғни, бір миллиард 700 миллионнан астамы экспорт. Қалғаны импорт. Енді бұл сандарды еселеу міндеті тұр. Сол үшін тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларды дамыту жайын талқылады.
Сан саладағы байланысты арттыру жайын президент Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен де кездесіп, талқылады. Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін айтып, өзінің Сингапурға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарға тың серпін беретініне сенім білдірді. Кейін маңызды құжаттар бекітілді.
Үкіметаралық алты құжатқа қол қойылды
Президенттің Сингапурға сапары аясында Үкіметаралық алты құжатқа қол қойылды. Оның негізгісі экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған,-
Құжаттардың бірі ғылым, білім саласына қатысты. Оған сай енді су тапшылығы, тасқын сияқты мәселелердің алдын алатын гидротехник, ирригатор сияқты тапшы мамандар Сингапурда білімін шыңдайды.
-Су саласында су қауіпсіздігі, су ресурстарын басқару зерттеулерді күшейту бірігіп, екінші болашақ бағдарламасының аясында ғылыми тағлымдамаға біздің жетекші ғалымдарымызды жіберіп оқыту, үшіншісі техникалық кадрларды даярлау әдістемелерін Сингапурдан Қазақстанға енгізу,-деді ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек.
Мемлекет басшысы Қазақстанның «Болашақ» бағдарламасы арқылы Сингапурға зерттеушілер мен ғалымдарды жіберуге ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, аталған бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері 12 мыңнан астам қазақстандық студент әлемнің үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде 72 отандасымыз Сингапурда оқыған.